Экономика Ағаш бұйымдарын жасау кәсібін бастады Редактор 24.11.2022 23261 1 оқу мин Ағаш бұйымдарын жасау кәсібін бастады Еңбек адамының мерейін асырып, беделін көтеру бағытында еңбек адамдарын дәріптеуді қолға алған болатынбыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Пернесейіт. Ол жастайынан қолөнерге қызығып, ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысып келеді. Жоғары оқу орнында оқып жүргенде үйірмеге қатысып шеберлігін шыңдай түсті. Қызығушылығын кәсіпке айналдыру мақсатында ол «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттық конкурсқа қатысты. Бизнес жоспарын сәтті қорғап, ағаш бұйымдарын жасау кәсібін бастады. Грант қаражатына кәсіпке қажет станок алып, үйіндегі шеберханада ағаш бұйымдарын өңдеумен айналысуда. Жас кәсіпкердің айтуынша, өнімдерді тапсырыс бойынша жасайды. Ағаштан түйін түйген шебердің алғашқы өнімдерін туған-туыстары қолдау көрсетіп сатып алған. Қазіргі кезде шебердің қолынан шыққан дүниелерге тапсырыс берушілер саны артуда. Аталған кәсіпке туған інісін баулып, ағаштан бұйымдар жасауды үйретуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 328731 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 350081 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 357567