Экономика Ағаш бұйымдарын жасау кәсібін бастады Редактор 24.11.2022 36734 1 оқу мин Ағаш бұйымдарын жасау кәсібін бастады Еңбек адамының мерейін асырып, беделін көтеру бағытында еңбек адамдарын дәріптеуді қолға алған болатынбыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Пернесейіт. Ол жастайынан қолөнерге қызығып, ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысып келеді. Жоғары оқу орнында оқып жүргенде үйірмеге қатысып шеберлігін шыңдай түсті. Қызығушылығын кәсіпке айналдыру мақсатында ол «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттық конкурсқа қатысты. Бизнес жоспарын сәтті қорғап, ағаш бұйымдарын жасау кәсібін бастады. Грант қаражатына кәсіпке қажет станок алып, үйіндегі шеберханада ағаш бұйымдарын өңдеумен айналысуда. Жас кәсіпкердің айтуынша, өнімдерді тапсырыс бойынша жасайды. Ағаштан түйін түйген шебердің алғашқы өнімдерін туған-туыстары қолдау көрсетіп сатып алған. Қазіргі кезде шебердің қолынан шыққан дүниелерге тапсырыс берушілер саны артуда. Аталған кәсіпке туған інісін баулып, ағаштан бұйымдар жасауды үйретуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 4700 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 14894 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 11719