Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фото С

Наурыз - салт дәстүрдің жаңғыруы

46 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-03-14

Биылғы жылы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен Наурыз мерекесі 10 күн бойы атап өтіледі. Мерекенің әр күнге арналған өзіндік іс-шаралары белгіленіп, облысқа қарасты барлық аудандарда жұмыстар атқарылуда. 11 наурыз күні аудан аумағында «Наурыз-тазалықтың айнасы» атты сенбілік өтіп, бұл күні барлық елді мекендер, көшелер, арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылып қана қоймай, көшеттер, жеміс ағаштары егілді. Бүгін «Наурыз-салт - дәстүрдің жаңғыруы» тақырыбымен өткен іс-шарада аудан әкімдігі қызметкерлерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, мерекенің маңыздылығы мен оны биылғы жылы ерекше дәстүрмен атап өтетінімізді әңгімеледім. Он күнге созылатын мерекеде аудандағы барлық мекеме қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім үлгісімен келеді. Мереке шеңберінде концерттік бағдарламалар, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының көрмелері, түрлі байқаулар мен конкурстар, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, қайырымдылық акцияларын өткізу жоспарланып отыр. Ел ішінде бірлік, ынтымақты насихаттайтын ауқымды іс-шаралардың бірінші күнінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев «Еліміздің ырысы артып, азығы молая берсін. Мемлекетіміздің мерейі үстем болып, егеменді Қазақстан мәңгі жасасын!» деп батасын берді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда

2023-03-28: Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда 16 0

2023-03-28: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ 12 0

2023-03-28: САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JAS TALANT» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ 15 0

2023-03-28: ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 50 ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ 100 ІРІ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНБАҚ 14 0

2023-03-28: 29 НАУРЫЗДА ЖАҢА САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ 14 0

2023-03-28: ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА МЫРЫШ ЗАУЫТЫН АШУҒА НИЕТТІ 11 0

2023-03-28: ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЛРД ТЕҢГЕГЕ СЭС САЛМАҚ 13 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ 16 0

<=Нау 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

29

30

31

Галерея