Руханият ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРИЯЛАР БАТА БЕРУДЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ Редактор 17.03.2023 12678 1 оқу мин Түлкібас ауданындағы мәдениет үйінде Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық дәстүрді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Наурыз бата» атты батагөй қариялар арасында бата беруден байқау өтті. Тарих тақтасына жазылған көсемдер мен шешендердің тапқыр сөздері бүгінгі ұрпақтың сана-сезіміне ұялап, келешегіне бағыт-бағдар беретін, арман-мақсаттарына жетелейтін өсиет. Бабалар өсиетін, даналық ұғымын ұрпағына үлгі еткен қариялар аудандық байқауда өз шеберліктерін ортаға салып, 2 бөлім бойынша бақтарын сынады. Сайыс қорытындысымен Бас жүлде – «Ең батагөй қария» атағын Майлыкент ауылдық округінің намысын қорғаған Абдалимов Аманбай ата қанжығасына байлады. ІІ орынды Түлкібас кентінің атынан шыққан Дәулетов Ермахан мен Шақпақ ауылдық округінің батагөй қариясы Бейсетаев Ермек иеленсе, жүлделі ІІІ орыннан Тастұмсық ауылдық округінен Бейсенбаев Орынбек ата көрінді. Іс-шара соңында барлық қатысқан қарияларға сыйлықтар және алғыс хаттар табысталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қаламгер мұрасы ұлықталды: Ұлттық кітапханада Қалихан Ысқаққа арналған жиын өтті Руханият Қаламгер мұрасы ұлықталды: Ұлттық кітапханада Қалихан Ысқаққа арналған жиын өтті 16.09.2025 2154 Қазақстанда республикалық «JARQYRA» кастингі басталды 1 оқу мин Руханият Қазақстанда республикалық «JARQYRA» кастингі басталды 14.09.2025 5918 Түркістанда «VOICE BEYOND HORIZON» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды 1 оқу мин Руханият Түркістанда «VOICE BEYOND HORIZON» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды 12.09.2025 6186