Руханият ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРИЯЛАР БАТА БЕРУДЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ Редактор 17.03.2023 17854 1 оқу мин Түлкібас ауданындағы мәдениет үйінде Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық дәстүрді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Наурыз бата» атты батагөй қариялар арасында бата беруден байқау өтті. Тарих тақтасына жазылған көсемдер мен шешендердің тапқыр сөздері бүгінгі ұрпақтың сана-сезіміне ұялап, келешегіне бағыт-бағдар беретін, арман-мақсаттарына жетелейтін өсиет. Бабалар өсиетін, даналық ұғымын ұрпағына үлгі еткен қариялар аудандық байқауда өз шеберліктерін ортаға салып, 2 бөлім бойынша бақтарын сынады. Сайыс қорытындысымен Бас жүлде – «Ең батагөй қария» атағын Майлыкент ауылдық округінің намысын қорғаған Абдалимов Аманбай ата қанжығасына байлады. ІІ орынды Түлкібас кентінің атынан шыққан Дәулетов Ермахан мен Шақпақ ауылдық округінің батагөй қариясы Бейсетаев Ермек иеленсе, жүлделі ІІІ орыннан Тастұмсық ауылдық округінен Бейсенбаев Орынбек ата көрінді. Іс-шара соңында барлық қатысқан қарияларға сыйлықтар және алғыс хаттар табысталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бәрі жабылады… 1 оқу мин Руханият Бәрі жабылады… 12.05.2026 6753 «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 1 оқу мин Руханият «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 11.05.2026 7642 Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 1 оқу мин Руханият Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 25.03.2026 17647