Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛАДЫ Редактор 06.04.2023 15276 Түркістан облысында балалар футболы қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта облыс орталығы Түркістан қаласында жасөспірімдерге арналған футбол акамедиясы ашылады. Қазіргі таңда құжаттары әзірленіп жатыр. Бұл туралы брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев мәлімдеді. Бұдан бөлек басқарма басшысы Түркістан қаласындағы Туризм және меймандостық университетінде биыл спорттық туризм факультеті ашылатынын мәлімдеп, өңірдің спортшыларының жетістіктеріне тоқталды. — Түркістан облысында республикалық және халықаралық чемпионаттардың қорытындысы бойынша 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 ҚР спорт шебері және 44 спорт шеберіне кандидат спортшылар дайындалды. Сонымен қатар, өткен жылы ұлттық құрамаға облыстан жалпы 429 спортшы енген болатын. Қазіргі таңда саңлақтарымыз 2024 жылы өтетін Париж олимпиадасына қызу дайындық үстінде, — деді басқарма басшысы. Қазіргі таңда облыста 4 647 спорт ғимараттары тіркелген. Облыс орталығында былтыр халықаралық теннис орталығы ашылды. Биыл Түркістанда Мұз сарайы мен Ескек есу каналы пайдалануға берілмек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 35855 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 34164 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 33156