Экономика Егістік жерлерді ортақ жайылымға ауыстыру мәселесі қаралды Редактор 29.04.2023 6140 1 оқу мин Жер қатынастарын дамыту мәселесі ешқашан да мәнін жоймаған. Ексе егін, мал жайса жайылым… жалпы жер мәселесі еліміз үшін қашан да маңызды. Бүгінде ауылдарда мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қарасы көбейіп келеді. Соның салдарынан жайылым жер өзекті мәселеге айналып отыр. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекенінен Көктерек кентіне өткен егістік жерлерді ортақ жайылымға ауыстырып беру жөніндегі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жер иелерімен кездесу өткізді. Кездесуге ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Кукеев, Көктерек кентінің әкімі Ү.Тұржанова және Жарты төбе ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Мәселенің жәй-жапсарымен танысқан аудан әкімі: — Жайылым жер бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі екенін өздеріңізде жақсы білесіздер. Осыған орай елді мекеннің ортақ мал жайылымның үлесін арттыру маңызды. Бүгінгі кездесуде мен тек бір тарапты тыңдадым, алдағы уақытта ауыл тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдап, ортақ шешімге келуіміз қажет, — деді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 335021 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 356304 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 364570