Экономика Егістік жерлерді ортақ жайылымға ауыстыру мәселесі қаралды Редактор 29.04.2023 11805 1 оқу мин Жер қатынастарын дамыту мәселесі ешқашан да мәнін жоймаған. Ексе егін, мал жайса жайылым… жалпы жер мәселесі еліміз үшін қашан да маңызды. Бүгінде ауылдарда мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қарасы көбейіп келеді. Соның салдарынан жайылым жер өзекті мәселеге айналып отыр. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекенінен Көктерек кентіне өткен егістік жерлерді ортақ жайылымға ауыстырып беру жөніндегі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жер иелерімен кездесу өткізді. Кездесуге ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Кукеев, Көктерек кентінің әкімі Ү.Тұржанова және Жарты төбе ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Мәселенің жәй-жапсарымен танысқан аудан әкімі: — Жайылым жер бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі екенін өздеріңізде жақсы білесіздер. Осыған орай елді мекеннің ортақ мал жайылымның үлесін арттыру маңызды. Бүгінгі кездесуде мен тек бір тарапты тыңдадым, алдағы уақытта ауыл тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдап, ортақ шешімге келуіміз қажет, — деді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12408 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 9654 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13470