Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Салада еңбек өнімділігін арттыру үшін озық жаңа тәсілдер енгізілуде

150 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-05-04

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігін арттыру үшін озық жаңа тәсілдер енгізілуде. Атап айтқанда: Облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Бұрын, баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынатын болатын. Осы бағытта шетелдің тәжірибесін пайдалана отырып, қарқынды бауларды көлемі ұлғаюда. Нәтижесінде, өнімділік 5 есеге артып, бір гектардан 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда. Қазіргі уақытта, облыстағы қарқынды баулардың көлемі 4 710 мың гектарды (О.і 3 айда 116 гектарға отырғызылды). «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы өндіріске кеңінен ендірілуде. Былтыр жоба 8,4 мың гектарға ендіріліп, 294 мың тонна өнім өндірілді. Нәтижесінде, бұрын шаруалар гектарына 3-4 млн. теңге табыс тапса, қазіргі таңда гектарына 8 - 10 млн. теңгеге дейін табыстары артты. Ағымдағы жылы жоба 9,3 мың гектарға ендірілуде. Жылыжайлар көлемі 1 491 гектарды құрайды, немесе республикалық көрсеткіштің 71 пайызы (О.і 3 айда 31,3 гектар салынды). Облыста су үнемдеу технологиялары пайдаланатын алқап 27,1 мың гектарды құрайды. (Оның ішінде, 19851 гектар тамшылатып суғару (О.і 3 айда 1136 гектар), 7213 гектарға жаңбырлатып суғару (О.і 3 айда 350 гектар) технологиялары). Нәтижесінде, ағын су шығынының 2 есе үнемдеумен қатар, өнімділікті 2-3 есеге арттыруға қол жеткізіліп отыр. Қазіргі уақытта, жалпы құны 13,8 млрд. теңгеге 9,2 мың гектарға жаңбырлатып суғару машиналарын орнату бойынша 4 жоба жүзеге асыру көзделуде.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея