Саясат Антальяда GSTC тұрақты туризм конференциясы өтеді Редактор 08.05.2023 16501 1 оқу мин Түркия биыл алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясын өткізуге дайындалуда. Конференция елдің туризм астанасы – Анталияда 2023 жылдың 9-12 мамырында ұйымдастырылады. Тұрақты туризм мен саяхат үшін жаһандық стандарттарды белгілейтін және осы стандарттарды іске асыруды қадағалайтын Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесі (GSTC) биылғы басқосуға Түркияны таңдады. GSTC – туризм мен саяхатты дамытудың жаһандық шарттарын белгілей отырып, тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін коммецрялық емес ұйым. Сонымен қатар тұрақты туризмнің ең өзекті мәселелерін талқылау үшін әлемдік көшбасшылармен түрлі шараларды жүзеге асырады. Пандемияға байланысты екі жыл қатарынан онлайн режимде өткен конференциялар сериясы былтыр Испанияның Севилья қаласында ұйымдастырылған. Түркия да қатысқан 2022 GSTC Тұрақты туризм конференциясында 2023 конференциясының Түркия Туризмді алға жылжыту және дамыту агенттігі (TGA) тарапынан білдірілген ұсыныстан кейін Антальяда өтетіні жарияланды. Жиында қатысушылар үшін арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылып, Түркияның Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасына арналған уақыт бөлінді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 2713 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 4289 ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАРИФТЕР ӨСПЕЙДІ – ҮКІМЕТ 1 оқу мин Саясат ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАРИФТЕР ӨСПЕЙДІ – ҮКІМЕТ 15.09.2025 6740