Экономика Сарыүйсін каналының жағдайымен танысты Редактор 13.05.2023 2221 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекеніне арнайы барып, Сарыүйсін каналының жағдайымен танысты. Айта кетсек, аудандық коммуналдық меншіктегі Кескен магистрал каналының жалпы ұзындығы 12,0 шақырым. Аталған канал күрделі жөндеуден өтпеуінен және техникалық нашарлығынан су өткізу қабілеті төмендеп кеткен. Осыған байланысты, Кескен магистральдық каналынан тармақтанып шығатын Құркелес және Тегісшіл ауылдық округіндегі Сарыүйсін каналына су келмеуде. Каналға іргелес орналасқан 1216 га егістік жер көлеміне ағын су келмеуіне байланысты егіншілікпен айналысатын тұрғындарға қиындық тудыруда. Тұрғындардың мәселесін тыңдап, каналдың жағдайымен танысқан аудан әкімі: — Ауыл тұрғындары негізінен егіншілікпен айналысатын болғандықтан, елді мекенге ағын су жеткізу өте маңызды. Мен қолда бар көмекті көрсетуге әрқашан дайынмын,-деді. Келесі кезекте аудан әкімі Шошым каналының жәй-күйімен танысуға арнайы барды.Каналдың жағдайымен танысқан Арман Абдуллаев табиғи фильтрация арқылы сызаттап жатқан суларды канал бойында орналасқан қашыртқыларды механикалық тазалау арқылы сызат суының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3421 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 3794 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3636