Экономика Сарыүйсін каналының жағдайымен танысты Редактор 13.05.2023 10278 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекеніне арнайы барып, Сарыүйсін каналының жағдайымен танысты. Айта кетсек, аудандық коммуналдық меншіктегі Кескен магистрал каналының жалпы ұзындығы 12,0 шақырым. Аталған канал күрделі жөндеуден өтпеуінен және техникалық нашарлығынан су өткізу қабілеті төмендеп кеткен. Осыған байланысты, Кескен магистральдық каналынан тармақтанып шығатын Құркелес және Тегісшіл ауылдық округіндегі Сарыүйсін каналына су келмеуде. Каналға іргелес орналасқан 1216 га егістік жер көлеміне ағын су келмеуіне байланысты егіншілікпен айналысатын тұрғындарға қиындық тудыруда. Тұрғындардың мәселесін тыңдап, каналдың жағдайымен танысқан аудан әкімі: — Ауыл тұрғындары негізінен егіншілікпен айналысатын болғандықтан, елді мекенге ағын су жеткізу өте маңызды. Мен қолда бар көмекті көрсетуге әрқашан дайынмын,-деді. Келесі кезекте аудан әкімі Шошым каналының жәй-күйімен танысуға арнайы барды.Каналдың жағдайымен танысқан Арман Абдуллаев табиғи фильтрация арқылы сызаттап жатқан суларды канал бойында орналасқан қашыртқыларды механикалық тазалау арқылы сызат суының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12408 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 9654 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13548