Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Агроөнеркәсіп кешенінің даму көрсеткіштері бекітілді

94 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-05-13

Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен жиналыс болып өтті. Жиналысқа аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрмахан Молдабаев және ауылдық округ әкімі аппаратының ауыл шаруашылығымен айналысатын мамандары қатысты. Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрмахан Молдабаев хабарлама жасады. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша Нұрмахан Өмірәліұлының мәлімдеуінше аудан бойынша 2023 жылы 42 200 гектар егістік жерге ауылшаруашылық дақылдарын егу жоспарланған. Атап айтқанда: бидай - 4259, дәндік жүгері - 3 500, мақсары – 300, күнбағыс – 100, көкөніс - 2 137, картоп – 506, бақша - 6 422, мақта – 11000, мал азығы (жоңышқа, сүрлемдік жүгері) - 13976 гектарға егілмек. Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 2990 тонна жанармай бөлінген. Ауылдық округтер бойынша қажеттілік көлемі мен алатын шаруалардың тізімі қалыптастырылған. Дизель отынын таратушы 2 оператор анықталып, бағасы 205 теңгеге белгіленгенін мәлім етті. Бұдан бөлек, үш жақты келісім бойынша Сауран ауданы агроөнеркәсіп кешенінің 2023 жылға жоспарланған даму көрсеткіштері (3 жақты келісім) бекітіліп, ауылдық округінің экономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты және шаруалардың биімділігіне қарай көрсеткіштері бөлінгенін айта келе, бөлім тарапынан атқарылуы тиіс ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Серік Өмірханұлы күн тәртібіндегі қаралған мәселелерді саралай келе, нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды жандандыру керектігін тапсырды.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея