Руханият Афион-Қаракесир — туристерге таптырмас қала Редактор 18.05.2023 3487 1 оқу мин Афион-Қаракесир туризмге сұранып тұрған, келген адам өкінбейтін қала екен. Себебі мұнда туризмнің түр-түрі дамыған. Оған табиғи байлығы, орналасқан жері толық сай келіп тұр. Афион — апиын деген сөзден шыққан. Әлі күнге дейін аймақта апиын өсіріледі. Яғни, Афион апиынды дәрі, дәмдеуіш үшін өсіруге Түркияда рұқсат берілген үш қаланың бірі. Афионға тіркелген Қаракесір атауы қорған дегеннен шыққан. Қаланың төбесінде көне қорғанның белгілері тұр. Әрі қаланы жағалай қоршап жатқан таулар Каппадокияны да көз алдыңызға әкелгендей болады. Осы тау аңғарын жаңа заманға сай безендіріп, қонақтарға қолайлы жағдай жасаған. Оның әдемілігіне қызыққан жақын аймақтағы жұрт неке қия, ғашығына сөз салу, сүйіктісімен кездесу секілді шараларды осында өткізуді дәстүрге айналдырған. Афион мраморының көптігімен, ыстық суының емдік қасиетімен де танымал. Сондықтан бұл жерде бүгінде емдік туризм жақсы дамыған. Қайнардан шыққан суға сұраныс та жоғары. Тарихи тұлғалар көп жерленгендіктен, зиярат етушілер де баршылық. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 4989 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 5811 ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 18.03.2024 7511