Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фото С

Ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды

54 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-05-24

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарды ширатуға, соның ішінде мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Берілген тапсырма шеңберінде арнайы құрылған жұмысшы топ төрағасының орынбасары облыстық ветеринария басқармасы басшысының м.у.а. Ғ. Құрманбай Келес ауданына келді. Жұмысшы топ төрағасының орынбасары Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевпен кездесіп, бірқатар мәселелер талқыланды. Келес ауданында мал шаруашылығымен айналысатындар көп. Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды. Атап айтқанда Келес ауданындағы мал басын сәйкестендіру, Ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы, қажетті биотермиялық шұңқырларды және уақ мал тоғытатын орындарды салу, өңірдегі ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы және ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы сынды мәселелер сөз болды. Қос тарап алдағы уақытта бірлескен ісшараларды атқара отырып, жоспарлы жұмыстарды нәтижелі аяқтауға уағдаласты.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Мау 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

4

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея