Экономика Ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды Редактор 24.05.2023 8630 1 оқу мин Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарды ширатуға, соның ішінде мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Берілген тапсырма шеңберінде арнайы құрылған жұмысшы топ төрағасының орынбасары облыстық ветеринария басқармасы басшысының м.у.а. Ғ. Құрманбай Келес ауданына келді. Жұмысшы топ төрағасының орынбасары Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевпен кездесіп, бірқатар мәселелер талқыланды. Келес ауданында мал шаруашылығымен айналысатындар көп. Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды. Атап айтқанда Келес ауданындағы мал басын сәйкестендіру, Ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы, қажетті биотермиялық шұңқырларды және уақ мал тоғытатын орындарды салу, өңірдегі ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы және ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы сынды мәселелер сөз болды. Қос тарап алдағы уақытта бірлескен ісшараларды атқара отырып, жоспарлы жұмыстарды нәтижелі аяқтауға уағдаласты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 246130 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 267540 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 274107