Экономика Ауылшаруашылық саласына 48 млн.тг.инвестиция тартылған Редактор 06.06.2023 10601 1 оқу мин Бүгін Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының әкімі Қарақұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, осыдан үш ай бұрынғы кездесуде қарақұмдықтар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша қолға алынған жұмыстарға және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларға кеңінен тоқталды. Алдыңғы кездесуде тұрғындар аудан басшысынан ауылдағы мәдениет үйін ертерек бітіріп беруді сұраған болатын. Ол нысан қыркүйек айында ел игілігіне тапсырылатын болды. Сондай-ақ Қарақұм ауылын табиғи газбен қамту жұмыстары да шілде айында аяқталуы жоспарлып отыр. Биыл Қарақұмда балалар ойын алаңшасы салынады. М.Әуезов көшесі орташа жөндеуден өткізіледі. Полигонға баратын жолға тас төселеді. Жаңақұрылыс аумағына тас төселеді. Қарақұмда жыл басынан ауылшаруашылық саласына 48 млн.тг.инвестиция тартылған. 176 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан. Осы және басқа да жұмыстар баяндалып, тұрғындар тарапынан ағын су, газ және т.б.салаларға қатысты сауалдар қойылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 20705 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 40241 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 53420