Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Түркістанда жергілікті әскери басқару органдарының күні аталып өтті

166 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-09-14

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жергілікті әскери басқару органдарының (ЖӘБО) құрылған күнін атап өтті. Бүгінгі таңда Түркістан облысынан 100-ден астам күзгі әскерге шақырылушы ҰҚК Шекара қызметінің қатарын толықтырды. Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ең көп қоныстанған облыстың 2000-ға жуық азаматы ҚР Қарулы күштері мен басқа да әскери құралымдарының қатарын толықтырады деп жоспарлануда.   Іс-шараға департамент жеке құрамы мен ардагерлері, жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер қатысты. Олар құттықтау сөз сөйлеп, департаменттің жеке құрамына алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті. Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев өз сөзінде жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтады. - Біздің департамент жыл сайын республикалық деңгейдегі жалпы қызметтік мәселесінде жергілікті әскери басқару органдары арасында көшбастап, алдыңғы орындарға ие болады. Әрине, бұл нәтижелердің барлығына қазір осында жиналған әрбір әскери қызметші мен азаматтық қызметкерлердің күш-жігерінің арқасында қол жеткізілуде. Ардагерлерімізге ерекше алғысымды білдіремін. Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі көпжылдық адал еңбегіңіз үшін, тәжірибеңіз, мейірімділігіңіз бен даналығыңыз үшін сіздерге тағзым беріп, зор денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! - деді өз сөзінде департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев аяқтады. Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды, онда Түркістан қаласының Мәдениет үйінің ұжымы өнер көрсетті. Айта кетсек, жергілікті әскери басқару органдарының атқаратын міндеттері Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының жай-күйіне тікелей әсер етеді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея