Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «KITAP TIME – 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ Редактор 17.09.2023 6210 1 оқу мин Бүгін Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының алаңында жалпы республикалық «Kitap Time — 2023» фестивалі өтті. Еліміз бойынша бір мезетте ұйымдастырылған шара мақсаты кітап оқу мәдениетін көтеру, әдеби кітаптарды насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болып саналады. Шараны аталған кітапхана директоры Жанат Шардарбекова ашып берді. Жиынға Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Түркістан облысының құрметті азаматы Бақытжан Жармаханұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Өнертану доценті, әнші, композитор Сауранбек Елеуовпен кездесу ұйымдастырылды. Автордың орындауында әндер шырқалды. Облыстық кітапхана ұжымы бұл шараны Түркістан және Кентау қалалық мен Сауран аудандық кітапханаларымен бірлескен түрде ұйымдастырған. Фестиваль аясында келушілерге «Ғажайып кітап әлемі» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ кітап жәрмеңкесі, «Автограф Time» сынды шаралар өткізілді. Балалар бағыты да назардан тыс қалмады. Кішкентай оқырмандар өлең оқып, талант иелері өнер көрсетті. Айта кетейік, республика көлемінде биыл екінші рет ұйымдастырылған фестивальге облыстағы 396 кітапханалар жүйесі де атсалысты. Әрбір кітапханада кітап оқуға шақыратын ерекше шара мен оқырманмен кездесулер ұйымдастырылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366