Оңтүстікқазақстандық өнертапқыш, техника ғалымдарының кандидаты Еркінбек Бөкебаев дәстүрді сақтап қалудың тың үлгісі ретінде көшпенділердің арба үстіне орнатқан киіз үй бейнесіндегі автотіркемені (трейлерді) замануй үлгіде жасап шықты. Оны жасау үшін біз білетін табиғи таза заттармен қатари инновациялық материалдар пайдаланды. Бұл арба ұлтымыздың қымыз-қымыран секілді табиғи сүт тағамдарынан жасалынған сусындарды сатуға арналған. Өнертапқыш осындай дүниені 2011 жылы жасауға кірісіпті. Бірінші нұсқасы жеміс-жидек сататын арба болды. Кәдімгі дөңгелекпен жүретін, үстінде сонау Санкт-Петербургте тоқылған кәрзеңкесі бар, бірақ заманауи арба. Оны құрастыруды Еркінбек Тәженұлы биыл бастаған. Сөйтіп ойлап тапқан 5-6 түрінің ішінен осы нұсқасын таңдаған. Бұл арбаны жасап шығару үшін өнертапқыш 5 млн. теңге қаражат жұмсаған. 100 ватт электр энергиясын беретін күн батареясы—АҚШ-тың өнімі. Оның ерекшелігі — салмағының жеңілдігінде. Бар-жоғы 2,5 келі тартады. Дәл осындай батареяның қытайлық нұсқасы бұған қарағанда он еседей ауыр. Сондай-ақ, арба үстіндегі киіз үйдің жалпы сұлбасын беріп тұрған жабын –ұзақ мерзімге шыдас беретін (10-15 жыл), жылдамдығы 25 – 30 м/сек желге төтеп беретін арнайы инновациалық материал –күшейтілінген тоқымалы полиэтиленненжасалынған. Ол арбаның өзін және клиенттерді күн көзінен қорғау үшін қажет. Бұл жабынның тағы бір артықшылығы, күнніңультрофиалеттік сәулесінің 90 пайызғадейінгі мөлшерін қорғап. кері қайтарады. Бұдан бөлек, 350 литр ұлттық сусындарды сақтауға шақталған арнайы тоңазытқыш орнатылған. Оны да өнертапқыш өзінің сызбасы бойынша Алматыдан арнайы жасатып әкелген. Себебі, зауыттарда шығарылған дайын тоңазытқыштар 20-30 сантиметрге биік, ал ол клиенттерге, әсіресе балаларға қызмет көрсетуде ыңғайсыздық тудыратын көрінеді. Қысқасы, сусындар тоңазытқышта сақталады, ыдыстарды шаятын ыстық-салқын сумен қамтамас ететін қолжуғыш бар. Одан күніне 30 литр таза су ағады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі