Бүгін Шымкентте түркітілдес суретшілердің плэнері қорытындыланды. 30 озат қылқалам шеберінің 100-ден астам туындысы облыстық көркемсурет галереясына табыс етілді. Бауырлас елдерден келген таланттарды Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы марапаттады. Салтанатты жиында ұлтаралық татулық пен рухани, шығармашылық байланыстар жайы әңгімеге арқау болды. «Тurksoy» ұйымы мен облыс әкімдігі мұрындық болған қылқалам шеберлерінің байқауында түркі мемлекеттерінің 30 суретшісі қатысты. Олар өңірдің тарихи жерлерін қағаз бетіне түсіріп, түркі мемлекеттерінің түп қазығы болған қасиетті Түркістанның мерейін асырды. Деринч Бетмозғлуның жасы – 23-те. Түркия мемлекетінен келген қылқалам шебері түскейдің табиғаты мен қонақжайлылылғына тәнті болғанын айтады. Осы плэнер арқылы бірқатар суретшілермен танысқан ол шығармашылық байланыс бауырлас мемлекеттер арасындағы татулықтың нығая түсетініне сенімді.ДЕРИНЧ БЕТМОЗОҒЛУ – СУРЕТШІ /ТҮРКИЯ/ «Мен Қазақстанға бірінші рет келіп отырмын. Қонақжай, керемет халық екен. Түркістанды көрдім. Яссауи кесенесін көргенде қатты толқыдым. Ерекше қарқынмен салдым суретімді. Бұл біздің бабалар дүбір қаққан ата жұртымыз. Сондықтан да қашанда түркістан жеріне ықыласымыз ерекше». Салтанантты жиында плэнерге қатысушы 30 суретшіге облыс әкімдігі атынан арнайы сертификаттар мен «Тurksoy» ұйымының Алғыс хаттары табыс етілді. Қылқалам шеберлеренің туындылары облыстық көркемсурет галереясына сыйға тартылды.
ПЕРИЗАТ Биназарқызы