«Сақ» киностудиясы бүгінде көрермендерін керемет туындыларымен қуантып келеді. Жуырда ғана Астана қаласында өткен XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында «Бесінші құрлық» атты балалар фильмінің байқауы өткен болатын. Осы байқау аясында «Қазақ елі» анимациялық фильмі «Үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Аталған байқау Халықаралық продюссерлік ассоциациялар федерациясының қолдауымен акредиттелген. Сондықтан да А класты фестивальдер қатарына жатады және де Канны, Берлин, Венеция сияқты Орталық Азия бойынша ірі кинофорум болып саналады. Бұдан бөлек арнаулы шара барысында балалар киносына сүбелі үлес қосқаны үшін белгілі сценарист, «САҚ» киностудиясының режиссері, «Оңтүстікфильм» МКМ нің директоры «Қазақ елі» анимациялық туындысының режиссері Батырхан Дәуренбековке «Алғыс хат» және Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысының арнайы сыйлығы табысталды. Фестиваль бағдарламасы бойынша Қазақстан, Франция, Нидерланды, Қытай, Ауғанстан, Иран, Тунис, Перу, Үндістан, Мексика, Испания, Италия, Дания, Грузиының шығармашылық үжымдарының еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. «Бесінші құрлық» балалар кинофестиваліне «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарының иегері американдық актер, продюссер, кинорежиссер Николас Кейдж де қатысқан болатын.
Связанные истории
13.09.2024
273808