«Өндіріс, экономика, саясат. Алға қойған мақсаттарға жұмылған жұдырықтай бірге қол жеткіземіз», — Салт дәстүр орталығының директоры Жәнібек Тағаев осылай деді. Аталған мекеме көнеден келе жатқан ұлттық салт дәстүрлерді жаңғыртумен, ұлттар мәдениетін ұлықтаумен айналысатыны белгілі. Арнаулы мақаласында Елбасы ұлттық жаңғыруға бас мән бергені белгілі. Ол үшін арнайы жобалар жасауды айтып, жол көрсетті. Соның бірі де бірегейі – ұлттың бүкіл болашығы қолында болатын — қыз баланың тәрбиесі. Аталған орталықтағы көрме залында ең алдымен ұлттық орамал көзге түседі. сан ғасырдардан сыр тартқан тарихқа үңілсек, орамал қыздың дәрежесін білдіреді, ондағы әрбір ою өрнектің өзіндік ұғындырар сыры мен қасиеті бар. жас жігіттер қызға сезімін білдіру үшін орамал сыйлаған. бұрындары қызға жасауды 13 жасында дайындаған. Осы дәстүрлі білдіретін арнайы бұрыш ашылған орталықта. Мұнда орталық мамандары жас қыздарға ұлттық салт дәстүрден сыр шертіп, оны сақтап келер болашаққа жеткізу үшін құлақтарына құяды. Өйткені салт дәстүр әр халықтың діңгегі. болашақ тірегі. жылдар легімен салт дәстүрлерге де өзгеріс енер. Дегенмен оның түпкі тіні өзгермейді. Нұрсұлтан Назарбаев әр халықтың ұлттық коды болуы қажет, оны сақтауға бәріміз атсалысуымыз қажет деген болатын.
Связанные истории
13.09.2024
273358