Оңтүстік Қазақстан облысындағы ғажайып жерлерді тамашалау үшін «Ontustik Tourism Center» орталығы ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Аталған орталық күнгейге атбасын бұрған қонақтарға «АЛАШ» Қазақ-ауылына баруды ұсынады. Бұл – бірегей ашық аспан астындағы жоба, кез келген қонақ қазақ халқының өмірімен, тұрмысымен, салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныса алады. Қазақ-ауыл аумағында көшпенділердің этно-мәдени ортасына және өткен заманның атмосферасында жүргендей күй кешуге мүмкіндік бар. Бұл жерде жылқылар мен түйелерде серуендеу, табиғаттың әдемілігімен және ауылдың таза ауасымен тыныстап, ұлттық тағамынан дәм татуға болады және көшпенділердің мәдениетін, тұрмысын «тірі тарихын» сезінуге болады. Қонақтарды күтіп алу «Шашу» салтының бағдарламасымен басталады. Келушілерді тәтті тағамдармен мен ұлтық киім киген қыздар күтіп алады. Әрі қарай, нұсқаушы экскурсия жүргізеді, қонақтарға «беташар» салтын, ұлттық билерді және алтыбақанда тербелуді, бауырсақ пісіру, құрт жасау және басқа да ұлттық тағамдар түрлерін көрсетеді. аталған орталықтың алдағы уақытта жоспарлап отырған көптеген жобалары бар.
Связанные истории
13.09.2024
273358