Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында «Дәстүрлі және ғұрыптық ән» деп аталатын айрықша байқау болып өтті. Оған облысымыздың 8 ауданынан келген өнерпаздар қатысты. Үміткерлер ұмыт болған ән-жырларды жаңғыртып, тақырыбына сай салт-дәстүрмен сабақтастырды.
Қазақ тамырынан ажыраса, көктеп-көгермейді. Ал, оның терең тамыры ғасырлар сұрыбынан өткен салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық кодымен тікелей байланысты. Елбасы мақаласына орай Облысымыздағы еңселі орда тамаша байқау ұйымдастырды. Ондағы мақсат – айқын. Аудандар аламаны басталады дегенге арыстықтар жіті дайындалды. Ән мен жырдың ыстық ұясына айналған бірнеше шығармашалық ұжым бірлесіп, нөмір әзірледі. Аудандардан келген барлық өнер ұжымдары ыждағатты дайындалыпты. Бірінен бірі өтіп тұр. Мұндай шаралар сонай көнеден келе жатұан ұлттық салт дәстүрлерімізді ұмытпай, алдағы ғасырларға жеткізуде атқарар ролі зор екендігі анық. Шара биыл бірінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Әзірге сыңсу, жар-жар, бесікке салу, тойбастар ғұрыптары егжей-тегжейлі дәріптелді. Заман ағымымен ұмытылған тұстары жаңғыртылды. Байқаудың шартын үздік орындағандар алдағы уақытта қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
АРАЙЛЫМ Байзахова