Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы оңтүстік Арбат – талантты жастарды жинайтын орталық болғалы тұр. Шеберлер қалаасы осыдан бір ай бұрын ашылған еді. Бұрынғы Сәкен Сейфуллин атындағы кинотеатрдың алдында қолөнер қалашығына тап боласыз. елде жоқ керемет бұйымдарды жұма, сенбі тіпті жексенбі күндері де сатып алуыңызға болады. Мұнда жиналғандардың дені талантты жастар. олардың қолдарынан шыққан дүние расында көз тартарлықтай ғажап.Қолөнер бұйымдары расында айтуға тұрарлықтай. бұл көрме алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. қолынан іс келетін шеберлердің бәрі де қатысуына мүмкіндігі бар. «Оңтүстік Арбат» расында ешкімде жоқ эксклюзивті бұйымдарды ұнататындардың орталығы расында. Бұл жерден базарда да жоқ, дүкендерде де таба алмайтын керемет бұйымдарды сатып ала аласыз. Мұнда қолынан іс келетін, айтары бар адамдар жиналады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта Оңтүстік Арбаттқа жастарды көбірек тартсақ деген жоспарлары бар екендігін айтты. Бұл өз талантыңды, өз шеберлігіңді жұрт назарына ұсынатын алаң. Және де ұсынып қана қоймай өз еңбегіңе табыс табатын да орталық. Аталған жәрмеңкені аптаның демалыс күндері үнемі арасын үзбей өткізіп тұру жоспарлануда. Әл Фараби алаңы маңында күніне 4 сағаттан өтпек. Қолөнер шеберлері өз сатып алушыларын күтеді.