«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру мен түсіндіру жұмыстары аясында халық арасында қазақстандық мемлекеттілік пен отансүйгіштікті нығайту мақсатында мектеп оқушылары арасында «Туған жерім» тақырыбында облыстық шығармалар байқауын жариялады.
«Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ төрағасы, Бауыржан Молдабеков:
Байқауға қатысуға «Шағын Отан неден басталады?», «Туған өлке батырлары», «Туған өлке болашағы жайлы арманым», «Туған өлке игілігі» сияқты тақырыптардағы жұмыстар қабылданатын болады. Әр номинация бойынша 6 жеңімпаз анықталады.
Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2017 жылғы 5 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында, №202 кабинетінде қабылданады.
Қосымша ақпарат үшін: 87753214994
Мектеп оқушылары арасында «Туған жерім» тақырыбында аймақтық шығармалар байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
-
Жалпы ереже
-
Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру мен түсіндіру жұмыстары аясында халық арасында қазақстандық мемлекеттілік пен отансүйгіштікті нығайту мақсатында мектеп оқушылары арасында «Туған жерім» тақырыбында аймақтық шығармалар байқауы өткізілуде.
-
Байқау міндеттері:
-
өскелең ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілікті, өз еліне, халқына, ауданына (ауылына) деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
-
өз еліне және оның болашағына қатысты сезімі мен ойын сапалы және бейнелі түрде мазмұндай алатын дарынды балаларды анықтау;
-
отанды: үй, отбасы, «шағын Отан», Қазақстан деп түсініп, тұтастай қабылдау;
-
оқушылардың шағын Отанға деген патриоттық қарым-қатынасын тәрбиелеу жұмысында шығармашылық әлеуетін дамыту;
-
жастар бойында адамгершілік және азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
-
мектеп оқушыларының қиял, танымдық қызығушылық пен ой-өрісін дамыту;
-
Байқау ағымдағы жылдың 5 қыркүйегі мен 1 желтоқсан аралығында аймақтық деңгейде еліміздің барлық жалпы білім беру мекемелерінде өткізілуде.
-
Байқау жеңімпаздары аймақтағы конкурстық комиссиясының шешімімен анықталады.
-
Конкурстық комиссия партияның аймақтық филиалдарының, «Жас Отан» Жастар қанаты мен аймақтық білім басқармаларының жауапты қызметкерлерінен, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарынан, аймақтың көрнекті қоғам қайраткерлерімен белгілі жазушылар, журналистер, партияның бастауыш ұйымдарының төрағалары, мектеп ұстаздары, ЖОО мен колледж оқытушыларынан құрылады. Конкурстық комиссия құрамы 2017 жылдың 5 қыркүйегіне дейін партия төрағасының әр аймақтағы бірінші орынбасарларымен бекітіледі.
-
Байқаудың аймақтық комиссия мүшелерінің саны — тақ.
-
Байқауды ұйымдастыру және жалпы үйлестіру жұмыстары «Жас Отан» Жастар қанатының аймақтық төрағалары мен ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімдеріне жүктеледі.
-
Осы Ереже байқауға қатысуға ниетті және өзге де қызығушылық танытқан азаматтардың назарына ұсынылады. Осы Ереже БАҚ беттеріне шығарылады.
-
Байқауға қатысу ережелері
-
Байқауға жалпы білім беру мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысады.
-
Байқауға қатысуға Туған өлкенің ұмытылмас тарихы; Отанның табиғи игілігі; Отанның танымал тұлғалары Туған өлкенің мәдени мұрасы тақырыптарындағы келесі номинациялар бойынша шығармалар қабылданады:
— «Шағын Отан неден басталады?»;
— «Туған өлке батырлары»;
— «Туған өлке болашағы жайлы арманым»;
— «Туған өлке игілігі».
-
Әр номинацияда жұмыстар келесі категориялар бойынша бағаланатын болады:
— жалпы білім беру мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде шығарма;
— жалпы білім беру мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында орыс тілінде шығарма;
— жалпы білім беру мектептерінің 7-9 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде шығарма;
— жалпы білім беру мектептерінің 7-9 сынып оқушылары арасында орыс тілінде шығарма;
— жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде шығарма;
— жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында орыс тілінде шығарма;
Әр номинацияда барлығы 6 жеңімпаз
12. Байқау жұмыстары жеке адаммен орындалуы тиіс. Ұжымдық жұмыстар қабылданбайды.
13. Байқау жұмыстары электронды түрде қабылданады. (жұмыс көлемі – А4 форматты 2-4 бет, шрифт – Times New Roman, шрифт өлшемі — 14, жоларалық интервал – 1,0).
14. Қатысушылар байқау жұмысымен қатар қысқаша өмірбаянын, баспа және электронды форматта 3х4 сурет, мекен-жайын және телефон нөмірі жіберуі тиіс.
15. Келесідегідей шарттар болса конкурстық жұмыстар қабылданбайды:
-
Қазақстан Республикасы Заңнамасын бұзатын;
-
балағатты сөздер бар;
-
адамның намысына сөз келтіретін, әлеуметтік және этностар арасында алауыздықты тудыратын ақпараттар бар.
-
Байқауды өткізу кезеңдері
Бірінші кезең (2017 жылдың 5 қыркүйегіне дейін)
16. Байқаудың аймақтық комиссия құрамы жасақталады және құрамы «Нұр Отан» партия төрағасының әр аймақтағы бірінші орынбасарларымен бекітіледі.
17. Байқау аймақтық және аумақтық баспасөз бен электронды БАҚ беттерінде жарық көреді.
Екінші кезең (2017 жылдың 5 қыркүйегі мен 31 қазан аралығында)
18. 2017 жылдың 5 қыркүйегінде аймақтық деңгейде байқаудың басталғандығын жария ету.
19. 2017 жылдың 5 қыркүйек пен 25 қазан аралығында аймақтағы жалпы білім беру ұйымдарынан байқауға ең үздік жұмыстарды қабылдап, іріктеп алу.
20. 2017 жылдың 25-31 қазан аралығында аймақтық байқау комиссиясына үздік деген (бір жалпы білім беру ұйымынан кем дегенде 3 жұмыс) жіберілуі қажет. Жұмыстар белгіленген мерзімнен кешікпей ұсынылады. Байқау тақырыбына, ұсынылған тәртіпке сәйкес келмейтін және мерзімі аяқталған кезде түскен шығармалар қабылданбайды. Байқауға келіп түскен жұмыстар кері қайтарылмайды.
Үшінші кезең (2017 жылдың 1 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында)
21. 2017 жылдың 1-15 қараша аралығында байқаудың аймақтық комиссиясымен әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау.
22. Жеңімпаздарды анықтау бойынша байқаудың аймақтық комиссияның шешімі қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігінің дауысымен қабылданады. Дауыс теңдей болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болады. Комиссия шешімі хаттама ретінде рәсімделеді.
23. Байқау жұмыстарын бағалау кезінде келесідей:
— жұмыстың берілген тақырыпқа сәйкестігі;
— тақырыпты ашу деңгейі, баяндаудың логикаға сәйкестігі;
— жұмысты дайындау, орфографиялық және пунктуалдық сауаттылығы;
— түпнұсқалық және шығармашылық тәсілдері қабылданады.
24. Әрбір тәсіл 1-ден 5 баллға дейін бағаланады. Ең көп балл жинаған жұмыс өзінің жас тобына сәйкес жеңімпаз болып табылады.
25. 2017 жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті күні қарсаңында партияның аймақтың филиалдарының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарының грамоталары, дипломдары мен естелік сыйлықтарымен байқау жеңімпаздары марапатталады.
Төртінші кезең (2017 жылдың 1-11 желтоқсан аралығында)
26. 2017 жылдың 1-11 желтоқсан аралығында партияның аймақтық филиалдарымен ең үздік шығармалар жинағын дайындау үшін бірінші орынға ие болған жұмыстар m.bukharina@nurotan.kz электронды мекен-жайы бойынша партияның Орталық аппаратына жіберіледі.
27. 2017жылдың 1-16 желтоқсан аралығында байқау қорытындысы аймақтық, аумақтық баспасөз басылымдары мен партияның сайтына шығарылады.
-
Аймақтық байқау комиссиясының
құқықтары мен міндеттері
28. Байқау комиссияның
— байқауға келіп түскен жұмыстарды бағалауға;
— байқау нәтижесін шығаруға құқығы бар.
29. Байқау комиссия
— байқауға қатысқан барлық қатысушыларға теңдей жағдай жасауға;
— байқау қорытындысы туралы мәліметті алдын ала жария етпеуге міндетті.
30. Байқау комиссия мүшелері байқауға қатыстырылмайды.
-
Байқау қатысушыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері
31. Байқау қатысушылары
— байқауды өткізу тәртібі мен шарттарына қатысты ақпарат алуға;
— байқауға қатысу үшін өз жұмысын жіберуге;
— Осы Ереженің тармақтарын түсіндіру үшін ұйымдастырушыларға жүгінуге құқығы бар.
32. Байқау қатысушылары
— байқау қатысушыларына қойылатын талаптар мен байқау тақырыбымен алдын ала танысуға;
— Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген жұмыстарды уақытылы тапсыруға;
— Осы Ережеде қарастырылған тәртіптер мен ережелерді сақтауға міндетті.
33. Байқау қатысушылары
— жұмыс пен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың нақтылығы жөніндегі талаптарды бұзылғанда;
— Осы Ережеде белгіленген тәртіптер мен ережелерді сақтамағанда жауапкершілікке тартылады.