Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Дана Ибрагимова өзінің өнер адамы болуды армандайтын. Оған тура жолды әкесі Оразқожа көрсетті, өйткені оның өзі де өнер адамы болатын. Өнерге ғашық отбасының балалары бірнеше аспапта ойнайтын. Ұлы Жеңістің 45 жылдығына арналған облыстық отбасылық ансамбльдер байқауында екінші орынды жеңіп алған болатын. Осындай өнерлі отбасында өскен Дананың өзге мамандықты таңдауы мүмкін еместейтін де. Домбыра, аккардеон, сырнайда ойнайтын оның өнеріне тәнті еместер жоқтың қасы. Өз балаларын да музыкаға баулығандықтан көп кешікпей Ибрагимовтар отбасылық ансамблі құрылды. Ұлы Нұрсұлтан Қ. Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде дыбыс операторы болып жұмыс істейді, ал келіні Ш.Абілдаева облыстық филармонияда әнші, қобыз тартатын өнері де бар. Қызы Жұлдыз да әнші әрі сырнайда ойнайды. Тағы бір ұлы Асанхан – «Шабыт» продюссерлік орталығының әншісі. Дана өзі биыл «Шаянға барсаң, әншімін деме» байқауының арнайы жүлдесін жеңіп алды. 2014 жылы «Мерейлі отбасы» байқауында облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді. Мұндай арнайы жүлделер өнер иесінде жетерлік. Талантты адам барлық жағынан да талантты ғой. Дананың тағы бір қыры қара сөзден қаймақ айыратын шешендігі. Талай мәдени іс шараларды ұйымдастырып, өзі басқарушы, өзі жүргізуші болып жүр. Өнері өрге өрлеген отбасы осылайша өз өнерлерін паш етіп жүр.