
Оңтүстікқазақстандық «The flavour» білер тобы жуырда ғана Талдықорғаннан оралды. «Silk way» халықаралық би фестивалінде екінші орынды жеңіп алды. Америкадан, Еуропа және Азияның ең мықты топтары брейк — рингте өз өнерлерін көптің талқысына салды. Аталмыш чемпионат 6 номинация бойынша кәсібилер мен бастаушы стрит-дэнсерлер арасында өтті. Оңтүстікқазақстандық би тобының жас бишілері облысымыздың намысын қолдан бермеді. 16-жасар Богдан Верлов 9 жасынан бастап көше биіне әуестене бастапты. Халықаралық «Silkway dance festival» фестивалінде жеке орындау бойынша екінші орынды жеңіп алды. Францияның бишісін ғана алдыға жіберіп алды. Аталмыш би жарысы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған барлық елден келген мықты бишілер қатысады.Бұрын қатысушылар оны интернеттен ғана көріп қызығатын болса енді өздері аталған би жарысына қатысып келді. Байқауға 250 биші қатысты. ал финалға тек 16 сы ғана шықты. «The flavour» ең мықталардың қатарынан орын алды. Қаладағы «GК» студиясында жаттығатын олардың алға қойған жоспарлары көп. Жинаған тәжірибелері баршылық. Жеңімпаздар енді Алматыға халықралық байқауға жол тартпақ. Онда да жоғары жетістікпен оралатындарына сенімді. Әрі өздерінің и қимылдарын жетілдіріп, тәжірибелерін арттырып отыруды көздейді.