Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде туризм саласы қарқынды дамып келеді. Көркем табиғаты да, демалыс орындары да, әлемгі әйгілі тарихи орындары да туристерді тартуға сеп. Республика бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы орналасқан. Түркістан қаласын тарихи-мәдени және туристік орталық ретінде дамыту мақсатында «Көне Түркістан» жобасы әзірленіп, ЮНЕСКО-ның келісімімен жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы Түркістан қаласына келушілер санын 1,5 миллион адамға жеткізу жоспарланып отыр. Шардара ауданында жағажай туризмін дамыту мақсатында 500 жұмыс орнын құру және жаз мезгілінде 150 мың адамға қызмет көрсету жоспарланып отыр. Ал Төлеби ауданындағы Қасқасу тау шаңғысы базасының жұмысын жетілдіру де жолға қойылған. Облыс әкімдігімен өңірлік туристік ұйымдармен бірлесе қонақтарға арналған туристік маршруттар әзірледі. Маршруттардың бойындағы инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында бүгінде жол көрсеткіштердің бірыңғай дизайны әзірленіп, маршруттардың бойында орналастырылуда. Туристік нысандардың айналасын санитарлық талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қолданылуда. «Ханқорған», «Сайрам», «Ескі шаһар, Шымкент», «Күлтөбе», «Көне Түркістан», «Оқсыз» арнайы бағыттамалары ашылған жағдайда көптеген жұмыс орындары ашылып, салық көбейіп, туристік сауда түрлері дамиды.
Связанные истории
13.09.2024
272582