Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына 22 жыл толуына орай аудан аумағындағы мекемелердің жас қызметкерлері арасында спорттың кіші футбол және қол күрес түрінен аудандық ашық біріншілік өткізілді. Жарысқа аудан көлемінен спорттың кіші футбол түріне 15 команда және спорттың қол күрес түріне 16 спортшы жастар қатысып бақтарын сынады. Кіл мықты командалар қатысқандықтан сайыс аса тартысты өтті. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленіп бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтар болсақ спорттың кіші футбол түрінен: 1 орын Леңгер қалалық спорт мектебі 2 орын Аудан әкімшілігі 3 орын Алатау ауылдық округі қызметкерлері иеленді. Ал спорттың қол күрес түрінен: 1 орын аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкері Талдыбек Олжас 2 орын аудандық қорғаныс істер бөлімі қызметкері Налибаев Сабыржан 3 орын Қаратөбе ауылдық округі қызметкері Балтабаев Асабай иеленді. Ойын тартысты әрі қызықты өтті.
Связанные истории
13.09.2024
272582