Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Абай Құнанбайұлына арналған «Өлең сөздің патшасы» атты поэзия сағаты өтті. Көшеде өтіп баражатқан қала тұрғындары ұйымдастырылған көрмеге назар аударып, Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін орындап, көрмеге қойылған кітаптармен таныс болды. Бірінші Мамыр ауылдық кітапханада «Абайды оқы, таңырқа!» атты еркін микрафон жастар арасында болып өтті. Іс-шараға қазақ , өзбек, орыс ұлттарының балдары қатысты. Оқырмандар ақын өмірі мен шығармашылығы жөнінде жан-жақты мағлұматтар алды. Балалар өлеңдер оқыды.
Көксәйек ауылдық балалар кітапханасында «Абайдың қаламы» атты әдеби тартыс өтті. Кітапханашы Абдраманова С іс-шараға жиналған оқырмандарға Абай Құнанбаевтың өлеңдерінің жолдарын оқып отырды,ал оқырмандар жалғасын айтып жарысты. Сарқырама ауылдық кітапханада «Абай өсиеті» атты талдау, ой сағаты өтті. Оқырмандар Абайдың қара сөздерінің жолдарын оқып мән-мағынасын айтып түсіндірді.Сарқырама мектебінің мұғалімі Түрғынова Қ Абайдың қарасөздері қай жылдары шықаны, қанша қарасөз барын, не туралы айтылғаны туралы толық мағлұмат берді. Оқушылар Абайдың 11,17,31,32,33,19 қарасөздерін оқып ойларын ортаға салды. Іс-шараға қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып «Желсіз түнде, жарық ай» әнін бірге айтып тарқасты.