Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақатарал ауданының күндері жəне «Туған жер-алтын бесігім» атты облыстық фестиваль аясында аудан əкімдігінің ұйымдастыруымен облыс орталығында іс-шаралар өтті.
Мақталы орда облыс бойынша бүгінде өндірілетін мақтаның 80%-ын өндіреді. Ал, бақша дақылдарының қауын, қарбыз 50%-ын, жеміс-жидектің 30%-ын, көкөніс дақылдарының 10%-ын өндіріп отыр. Мақтаралдық шаруалардың Шымкент қаласында Шəмші əлемі гүлзары жанында «Мырзашөл сыйы» атты ауылшаруашылық өніміндері жəрмеңкесімен басталды. 250 тоннадан астам, бақша, жеміс-жидек, көкеніс, ет, сүт т.б. өнімдерін жеңіл бағада облыс тұрғындарына ұсынды. Мұндай, экологиялық таза өнім қала тұрғындарына үлкен ерекше сый болды. Бұл тек жəрмеңкесімен бітіп қалған жоқ. Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында қойылған Қ. Аманжоловтың «Досымның үйленуі» спектаклі Асықата халық театры сомдауымен жалғасты. Отырар əмбебап ғылыми кітапханасында Мақтаралдан шыққан белгілі ақындар И.Сапарбай, Б. Əшірбаев жəне жазушы Н. Қадырбаевпен əдеби-сазды кездесу кеші керемет өтті. Ш.Қалдаяқов Атындағы Облыстық Филармонияда «Жетісай сазы», «Мерке» халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің жəне өнер майталмандарының, «Ақ əжелер» ансамблінің концерті қойылды. «Шəмші əлемі» гүлзарында қолөнер жəне қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті. Келер жылы Мақтарал ауданынына 90 жыл. Іс-шараның соңы «Туған жер-алтын бесігім» атты облыстық фестиваль «Мақтарал əуендері» атты гала-концертпен аяқталды
Связанные истории
13.09.2024
271920