Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының қызметкерлеріне және үйірме қатысушыларына латын әліпбиіне өту бойынша 18 қыркүйекте түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тақырып бойынша мәдениет сарайының әдіскері А.Көпжасарова және әкімшісі А.Утепбаева баяндама жасап, қызметкерлер тарапынан қызу талқыланды. «Латын әліпбиіне өту — әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша жазылады. Ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамға» деген қорытынды жасалды. Мәдениет қызметкерлері бүгінгі қоғамда қызу талылауға ұласқан оң талапты қызу қолдайтындарын білдірді.