Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы бүгінде ұлттық дәстүрімізді ұлықтауда ауқымды шаруалар атқарып келеді. Жуырда ғана Созақ ауданында «Құда мың жылдық» атты шара өткізген болатын. Аталған шараның кейінгі жастарға берері көп әрине. Құда түсу өте мағыналы, аса жоғары дәрежеде қазақтың ұлттық болмысын көрсетеді. Ертеден бізге жеткен дәстүр бойынша құдалықтың мәні аса тереңде. Ұл ержетті. «Қосқұлақ бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, жекжат болайық» деп, өздерінің діттеген еліне барып түстенеді. Әсіресе, жаз кезінде шай ішіп, ет желінген соң да кетпейді. Мал сойылып қонақтар ертеңінде түсте үн—түнсіз аттанады. Олар көбіне ақсақалдар боп келеді. Олар кеткен соң үйдегілер бұл сырды түсіне қойып, сырмақ қағады. Қайрағын іздейді, шаншылған бізді көреді. Қазақтың балаға қамқорлығы, міне, осыдан басталады. Қызы бар үй егер қайрақты сұрамаса, бір жетіден соң әлгі кісілер және келіп құда түседі. Әкесіне қарап ұлын, шешесіне қарап қызын сынайды. Ақсақалдардың сырмаққа біз шаншуы «бізде ұл бар еді, сол осы шаңыраққа ұл болса қалай қарайсыңдар?» деген жұмбағы. Қайрақты әкетуі «бізді құп көрсеңдер құданда болайық» дегені. «Құданда» алланың алдында ант жасағандық. “Қыз айттыру”, “қыз көру (таңдау)”, “шеге шапан”, “қарғыбау”, “өлтірі өткізу”, “құда түсу” деген де бұның түрлі жолдары, жөн—жосығы. Бүгінде отбасы құндылығын, жастардың шаңырақ құрудағы жауапкершілігін нығайтуда мұндай ғұрыптардың мәні зор.
Әдет—ғұрып және салт—дәстүр орталығы мен Созақ ауданы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесіп өткізген «Құда—мың жылдық» тақырыбындағы іс—шара да осы мақсатты көздеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отырған іс—шараның
Связанные истории
13.09.2024
271920