Еліміздегі іргелі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи—мәдени қорық—музейі» РМҚК мен Батыс Қазақстан облыстық тарихи—өлкетану музейі» ММҚК арасында музей ісін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды. Меморандум Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген бағыттарды әрі қарай дамыту мақсатында жүзеге асып отыр.
Онда екі музей арасында ғылыми—зерттеу, экспозиция және көрме жұмыстары, қор сақтау, тарихи—мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану, бірлескен музейлік жобалар, конференция, семинар, экспедиция т.б. жұмыстарды дамытуға бағытталған.
Онда екі музей арасында ғылыми—зерттеу, экспозиция және көрме жұмыстары, қор сақтау, тарихи—мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану, бірлескен музейлік жобалар, конференция, семинар, экспедиция т.б. жұмыстарды дамытуға бағытталған.
Жуырда ғана Орал қаласындағы облыстық тарихи—өлкетану музейінде «Тарихы терең Түркістан» көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрменің мақсаты — киелі ОҚО дағы Түркістан мен ұлылар мекені Жайық арасында рухани, мәдени және музейаралық қарым—қатынасты одан әрі дамытуды көздейді. Көрме экспозициясына қорық—музей қорынан 252 дана көз жауын алар жәдігер Жайық жұртшылығына ұсынылды. Көрменің ашылуына облыс активі, М.Өтемісұлы атындағы мемелекеттік университеті, Жәңгір хан атындығы Батыс Қазақстан агро—техникалық универсиетінің оқытушы профессорлары, студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
Түркістаннан рухани керуенді бастап барған ғылыми қызметкер Б.Байболов сөз алып, өңір жұртшылығына киелі шаһардың ыстық сәлемін жеткізіп, облыстық тарихи—өлкетану музейінің директоры М.Ерсаевқа «Әзірет Сұлтан» қорық—музейінің директоры Н.Ахметжановтың Алғыс хаты мен музей шығарған баспа өнімдерін табыс етті.