ОҚО –да «Ең үздік эссе» байқауы басталды. Қалалық тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған бұл іс-шараға ел назарын аударған Елбасы мақаласы арқау болып отыр. Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған сайыстың талабы да өзгеше. Мемлекеттік тілді білу әрбір азаматқа міндет. Латын қарпіне көшу – Елбасы мақаласындағы негізгі мақсаттың, рухани жаңғырудың алғышарты. Ал, үштілділік – заман талабы, көзі ашық халықтың басты қажеттілігі. Бүгінгі форматы ерек эссенің негізгі талабы мен қатысушылардың қалам тербер тақырыптары осы. Сонымен қатар, бұл байқауға қатысуға кез-келген маман иесі ниет білдіре алады. Мәкия Әлімбаева – Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы «2020 жылғы Тілдерді дамыту бағдарламасының ішінде бізде Мәдени тілді оқыту деген мақсаттар бар. Сол мақсат – қазақ тілін жоғары деңгейде, мемелкеттік тілді жоғары деңгейде білу керек делінген. 00:52 Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлердің тілдік сауаттылығы ескеріледі. Ойлауын әдеби тілмен жеткізу ескеріледіСонымен қатар, үміткерлер өз шығармаларын ашық және жабық форматтарда жолдай алады. Оны бағалаудың да өзіндік критерийлері бар». Спикер: Сандуғаш Лесбек – Облыстық төтенше жағдай департаментінің бас маманы «Менің жазып отырған тақырыбым – «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте». Толығырақ айтсам, мемлекеттік тіл – азаматты қорғау органдарында. Біздің Төтенше жағдай департаменті басшылығымен мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлеріне аса назар аударылады». Қазылар алқасының құрамында тіл жанашырлары, ғалымдар мен ардагер ұстаздар бар. «Мемлекеттік тіл- мемлекеттік қызметте», «Латын әліпбиіне көшу – ата-баба аманаты», «Рухани жаңғыру – ел дамуының жемісі» тақырыптарына жазылған эсселер арнайы сараптаудан өтеді. Байқау қорытындысы қазан айында мәлім болмақ.
АЙЗАТ Бауыржанқызы