Ы.Алтынсарин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен М.Шахановтың туылғанына 75 жыл толуына орай «Өлеңім – өмірімнің айнасы» атты жыр-шумақтар айту жарысы өтті.
Іс-шараға №75 мектеп-гимназиясының 4-5 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: қазақ поэзиясында өзіндік орны бар М.Шаханов шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу. Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау. Шара барысында кітапханашы ақынның өмір белестерінен қысқаша мағлұмат беріп, оқырман оқушының орындауында Мұхтар ағаға арналған арнау тыңдалынды. Жыр-шумақтар айту жарысы 4 кезең бойынша өткізілді. 1-кезең «Мүшәйра» (ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу), 2-кезең «Мықты болсаң тауып көр»(ақын өлеңдерінің тақырыбын табу), 3-кезең «Жүйрік болсаң шауып көр» (ақынның бір өлеңін таңдап, «тоқта» белгісінен кейін келесі қатысушы жалғастырып айту), 4-кезең «Ән-жұмбақ» (ақынның әндеріне арналған ән-жұмбақ) Жыр-шумақтар жарысы шыншыл да, әділ өту үшін арнайы сарапшылар алқасы құрылды. Сарапшылар алқасының құрамына кітапхана директоры З.Бегежанова, №75 мектеп-гимназиясының мұғалімі М. Тілеуқабылова, Шымкент қаласының құрметті ұстазы, ақын М.Мұхтарова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын С.Нұрманұлы арнайы шақырылды. Білікті сарапшылардың шешімімен 5 үміткер өз білімдерін нақты көрсетіп алдыңғы қатарлардан көрінді. Жарыс қортындысы бойынша 1-ші орынды Мұхтар Алуа, 2-ші орынды Әзиз Әртім, 3-ші орынды Марат Ақтоты иеленді. Жеңімпаздарға кітапхананың атынан сыйлықтар мен «Алғыс хаттар» табыс етілді. Іс-шараға «NAR TB» телеарнасы қатысты.