Елімізде тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған Тілдерді дамыту орталығына биыл 20 жыл. Айтулы мерекеге орай, мемлекеттік қызметкерлер арасында тіл мәртебесін көтеруге бағытталған байқау ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің облыстық басқармасы мұрындық болды. Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Ана тілді ардақтаған қызметкерлер алдымен, өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетеді. Соңында мемлекеттік терминдердің дұрыс айтылуы бойынша бақ сынайды. Бәсі басым байқауға бас-аяғы 7 команда қатыспақ. Әр топта 3 қызметкерден бар. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Қызметкерлердің ана тілге деген құрметін бағамдау. Осы мақсатта өрбіген сайыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталмақ. Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді оқыту орталығында бір жылда мыңнан астам азамат тіл үйрену курстарынан өтеді. Олардың басым бөлігі – қазақ азаматтарды. Сала мамандары 20 жылда жеткен жетістікті арнайы көрмеде саралады. Мерейтой жиыны мұнымен толастамақ емес. Алда өңірдің білікті ғалымдарымен бірлесіп, ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарлануда.
ПЕРИЗАТ Биназарқызы