Демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан облысының орталығына Мәскеуден арнайы өнерпаздар келіп, өңір балаларын қуантты. Олар – Ресейдегі жалғыз кәсіби, музыкалық театрдың жас әртістері. Шараны ұйымдастырушылар Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының халықаралық гуманитарлық бірлестігі. Шығармашылық топ орыс мәдениетін көрші елдерге кеңінен насихаттауды басты мақсат етіп келген. Бұл – 8 бен 17 жас аралығындағы балалардан құралған театралды ұжым. Тек Ресейге ғана емес, Азияда да есімі елеулі. Дунаевскийдің шығармашылығына тағзым еткен өнерпаздар оңтүстікке алғаш рет келіп отыр. Олар көпшілікке музыка майталманы Исаак Дунаевскийдің өнегелі өмірінен хабар беретін қойылымды ұсынды. Марина Лимаренко – Облыстық Славян этно-мәдени бірлестігінің төрағасы «Мұндай спектакльдер, расымен, бұрын-соңды Шымкентте қойылмаған. Кереметсценарий, тамаша туынды. Дуаневскийді орта буын білгенме, одан да кіші балалр үшіноның есімі таңсық. Ал, біз оның әндерін кеңестік кезеңдегі фильмдер арқылы білеміз. Сол үшін қойылым барысында қослыып бірге шырқап отырдық». Спектакль «Дунаевский тақырыбына арналған фантазия» деп аталады. Драмалық шығармада 12 ән орындалады. Ал, актерлердің бойынан орындаушылық қабілетпен қатар, әртістік шеберлікті де байқайсыз. Облысымыздың қуыршақтар театрында сахналанған бұл музыкалық қойылымға балалардың қуанышында шек жоқ. Нұрдаулет Темір – көрермен «Мен бүгін қуыршақтар театрына келіп, қуыршақтарды емес, музыкалық қойылымды тамашаладым. Маған бұл жерде әртістердің ән салғаны мен билегені ұнады. Олар өте сауатты. Мен өзім театрға әр жексенбісайын келіп тұрамын, өскенде музыкант болғым келеді». Ресейлік театрдың іссапардағы басты мақсаты – қазақ елімен мәдени байланысты нағайту. Исаак Дунаевскийдің туылғанына 100 тыл толуына орай қолға алынған бұл жоба тек қазақ жерінде ғана емес, ТМД елдерінде де қанат жаймақ.
АЙЗАТ Бауыржанқызы