Оңтүстік Қазақтан облысына қарасты Сарыағаш ауданы тоғыз жолдың торабында орналасқан бірден бір логистикалық орталық. Мұнда қазір өзге ұлт өкілдері көп. Саялы аймақты атамекенге балағандар бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешкендеріне разы. Азат елде бейбіт күнді насихаттаған бауырластар арнайы концерт беріп, бірлікті насихаттады. Түрлі ұлттың өнері мен дәстүрін дәріптеп көрме ұйымдастырды. Сарығашта 360 мыңға жуық халық бар. Оның 30-40 пайызы өзге ұлт өкілдері. Бірін-бірі жатсынбай, бір шаңырақ астында мекен еткендер елдегі саясат пен Елбасының бағытына бек разы. Жергілікті халық әсіресе, рухани жаңғырудың даңғыл жолына түскендей. Салтанатты жиында бас қосқандар татулық пен бірегейлікті алға тартты. Бір атаның баласындай болған жергілікті халық әннен шашу шашып, бейбіт елдің көк аспаны астында татулық биін биледі. Осылайша, сарыағаштықтар ұлт бірлігінің бекемдігін тағы бір дәлелдеді. Ел ертеңі – рухани жаңғыру екенін көрсетті. Ұлттық код пен мәдениеттің озық үлгісін танытты. Рухани ләззат алған тұрғындар да әсем әннің тербеуінде көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
ПЕРИЗАТ Биназарқызы