Бүгінде тәуелсіз еліміз баршаға ортақ, жалпы халықтық мерекеге айналған «Қазақстан халқықтарының тілдері күні» мерекесін атап өтуде. Мерейлі мереке қарсаңында отырарлық өнерпаздарының қатысуымен ауданымызда «Мәңгілік елдің — мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында өткен мерекелік шараға Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов арнайы қатысып, аудан әкімі Ерлан Айтахановтың ыстық ықыласқа толы жылы лебізін жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөзінде «Тіл — халықтың кескін-келбеті» деп, ауданымызда тіліміздің мәртебесін көтеру, тіл мәдениетін өркендетуде өзіндік үлес қосқан бір топ азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар, жиында аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Бағлан Жаппаров Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық мақаласында көтерілген қазақ әліпбиінің латын харіпіне ауыстыру туралы баяндама жасап, аталмыш бастама аудан тұрғындары тарапынан қолдау тапты.
Жиын соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасып, көрермендерге түрлі ұлттар мен ұлыстардың ынтымақтастығын көрсететін ән мен биі ұсынылды.
Связанные истории
13.09.2024
271920