20 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы орталық кітапханада тарихи-мәдени-этнографиялық орталық қызметкерлерімен бірлесіп, тілдер мерекесіне орай, «Ұлтымыздың ұлы тілі – мәңгілік!» атты әдеби кеш болып өтті. Тілдер туралы заңның қабылданғанына биыл 28 жыл толып отыр. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Шара алдымен орталық кітапхана қызметкері М.Болысбаеваның орындауындағы «Адамның бір қызығы бала деген» атты термесімен ашылды. «Тілі мықтының – елі мықты» дей келе кітапхананың үздік оқырмандары қазақ тіліне деген патриоттық сезімдерін өз шығармашылықтары арқылы жеткізді. Сонымен қатар тарихи-мәдени-этнографиялық орталықтың әдістемелік бөлімінің қызметкерлері дайындаған тілмен тығыз байланысы бар, «Газет – халықтың рухани және мәдени мұрасы» атты құнды жылжымалы фотокөрме жасақтады. Іс шараның құрметті қонағы Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сауранбеков Спабек алда келе жатқан тіл мерекесімен барша көрермендерді құттықтап, тіл саласында қызмет етіп жүрген мамандарды алғыс хат және сыйлықпен марапаттады. Ана тіліміз мәңгі жасай берсін!