Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.
Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деп атап көрсеткен болатын.
Бүгін ОҚО Отырар ауданында Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Алтыбақан» сауық кеші өтті.
Аудан әкімі Ерлан Айтаханов, облыстық салт-дәстүр және әдет-ғұрыптарды оқыту орталығының директоры Жәнібек Тағаев бастаған қонақтар алдымен «Шәміл-Дүр» ескерткішіне гүл қойып, алтыбақан аясында әсем ән мен сыңғырлаған күлкіге толы сауық кешті тамашалады.
Ауыл-аймақтан жиналған өнерпаздар дәстүрлі әндерді нақышына келтіре шырқап, жастарымыз «Соқыр теке», «Жүзік салу», «Тобық», «Қошқар көтеру», «Ақ сүйек» секілді қазақ халқының ұлттық ойындарын көрермендерге ұсынды. «Алтыбақан» жастарға рухани қуат, өнегелі тәрбие береді. Көк пен жер арасында, айлы түнде барша жастың жүрегінде айтылар сыр мен шашылар жыр қалмайды.
Аудан басшысы игі шараның маңызы ерекше екендігне тоқталып, алдағы уақытта өз жалғасын табатынын жеткізіп, құрметті қонақтарға отырарлықтардың кәдесыйын тарту етті. Орталық директоры аталған шараға жоғары баға беріп, ұйыдастыруға үлесін қосқан өнерпаздар мен ұжымдарға арнайы алғыс хат пен сый-сияпаттар жасады.
Кеш соңында Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова сауық кештен алған әсерін сөзбен жеткізе алмай, жастардың өнеріне тамсанып, таңданысын жасыра алмады.
Связанные истории
13.09.2024
271822