«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай ОҚО Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтті.
Конференция барысында Түркия мемлекетінің өкілі Бекир Йылдызчи, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің театр және кинематография бөлімінің бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Анимациялық кино» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің редакторы, сценарист Салтанат Дүнгенбаева, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, режиссер Тынай Ибрагимов, «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев және облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева, облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Әділханов бұқаралық ақпарат өкілдерімен жүздесіп, фестиваль жайында толыққанды ақпараттар берді.
Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестиваліне Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Якутия, Алтай, Башқұртстан және Қазақстан Республикасының аниматорлары 21 фильм ұсынса, аталған туындылардың сапасы мен көркемдік идеясы, балалар үшін тәрбиелік маңызы да егжей-тегжейлі сарапқа салынатындығы айтылды. Кəсіби жəне əуесқой аниматорлардың ішінде 8 жасар жас дарын да бар.
Связанные истории
13.09.2024
271612