Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласында ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің «Кітапхана» бөлмесінде «Тұлпар сұлу көрінер әбзелімен» көрмесінің ашылуы болып өтті. Бұрын соңды елімізде мұндай ерекше көрме өтпеген.
Ат әбзелдерінің нешетүрі көрме төрінен орын алды. Әбзелдердің нешетүрлі атаулары да келушілерді қызықтырғаны рас. Аталмыш көрмеге еліміздің он төрт облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан Халықаралық «Ясауитану» байқауына қатысушы оқушылар мен ұстаздар, қала тұрғындары мен қонақтар және музей қызметкерлері қатысты.
Өткенді ескермей ертеңнің жоқтығын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса айтқан Елбасының сөзін басшылыққа алған көрме ұйымдастырушылар музей қорында сақталған халқымыздың бай тарихы жайлы баяндайтын, көздің жауын алатын жәдігерлерді көпшілік қауымға таныстырып, насихаттауды мақсат тұтқан. Осы орайда көрме экспозиясын құруда Е.Муташев, Д.Адиев, Т.Жолдасовтардың еңбегі атап өтуге толық лайық.
Экспозицияға қойылған ат әбзелдері туристер мен келушілер назарына тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Связанные истории
13.09.2024
271822