Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің қонақтары мен қазылар алқасы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, құран бағыштады. Түркі əлемінің рухани астанасына айналған Түркістан қаласындағы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейімен орталықтың басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы таныстырды. Теңіз асып, тау басып келген қонақтар арнайы ат басын бұрып, тарихи кесенеге арнайы келетіндерін айтты. Түркі жұртының түп қазығы деуге болатын Түркістандағы барлық тарихи орындарды аралап шықпақ ниеттері барын да жасырмады. Кесенедегі тай қазанның тарихымен жіті танысты. Мұнда қойылған әрбір жәдігердің тарихын тәптіштеп таныстыруды өтінді. Ескі арба, моншадағы көне ыдыстарды да қызыға тамашалады. Түркі əлеміндегі аниматорлар арасындағы байланысты нығайту, іс-тəжірибе алмасуына жол ашу, балалардың тəрбиелік, танымдық көзқарасына оң ықпал ететін фильмдер санын арттыру, қолдау көрсетуге арналған фестиваль аясында киелі мекендермен танысу жұмыстары да жүруде.
Связанные истории
13.09.2024
271612