Құрманбек Жандарбеков атындағы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Жетісай драма театры 49–шы маусымның шымылдығын түрді. Өнер ұжымы патша көңілді көрермен назарына Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз» драмасын ұсынды. Биыл Ұлы жазушының туғанына 120 жыл. Осыған орай театр әртістері Әуезов шығармаларына басымдық беруді көздеп отыр. Қойылым желісі қазақ жастарына ой салар құнды дүниелерге толы. Жазушы кейіпкер арқылы сол дәуірдегі қазақ қыздарының басындағы жағдайды ашық көрсеткен. Әсерлі шыққан қойылымды жұртшылық жылы қабылдады. Жетісай дарама театрының өнерпаздары тағылымы мол драмалық қойылымды үлкен шеберлікпен көрсете білді. Әрдайым әр қойылымға тыңғылықты дайындалатын театр әртістері бұл жолы да шеберліктерінің жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Әртістердің әдемі сахналық өнері жұртшылық жүрегінен жол тауып, жоғары бағаланды. Әсіресе ауылдағы ағайын ерекше әсер алды. «Талаптыға нұр жауар». Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының шығармашылық жұмысы күн өткен сайын жанданып келеді. Сахна өнерінің қыр сырын жетік меңгергендері байқалады. Өнер- елге ортақ деген осы.
СЕНБЕК Құттыбайұлы