Көпұлтты ортада өскен баланың ең бірінші ұстанымы – достық пен бірлік. Осы жолда дұрыс бағыт беруді өзіне міндет еткен облыстық жасөспірімдер кітапханасы ақпараттық-танымдық ашық сағатын өткізді. Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған жиын оқушылардың ой-өрісін дамытып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырды. «Тіл мен дәстүрдің жаңғыруы». Осылай аталған ашық сағаттың маңызы зор. Мәні ерекше. Өйткені, Елбасының үштұғырлы тіл саясатын санаға сіңірген жасөспірімдер заман ағымынан қалыс қалмайды. «Әрбір тілдің өз ұлты үшін ұлылығы мен қасиеті бар» деген олар бірнеше тілде тақпақтар айтып, ән шырқады Аян Болатхан – оқушы Мен бұл кешке келгенім – Отаным туралы ән айтуға келдім. Отанға деген махаббаты ән-жырмен әспеттеген жас патриоттардың Қазақстан туралы білімі тексерілді. Слайд көрсетілімдер арқылы ынтымағы ұйыған қазақ жеріндегі түрлі этностардың бірлігі дәріптелді. Қанаты қатайып келе жатқан жас буынға жүйелі жол көрсетіп, бағдар беруді тәлімгерлік парыз еткен кітапхана мамандары мұндай шараларды алдағы уақытта жиі ұйымдастырмақ. Натали Рогожина – ОҚО Ы.Алтынсарин атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Біз көпұлтты ел болғандықтан, бізде 130-дан аса ұлт тұрғандықтан, басты ұранымыз – бірлі пен татулық болуы керек. Бұл қасиеттерді адам бойына жастайынан сіңірсе ғана, нағыз патриот болып шығады. Соныме қатар, Қазақстан зайырлы ел болғандықтан, мұнда кез-келген ұлт өз тілінде сөйлесе де, мелекеттік тілге құрмет көрсетуі – парыз. «Өзге тілдің бәрін біл», өз тілің мен салтыңды құрметтеуден бас тартпа!». Жеткіншектің бүгінгі кештен ұққаны осы…
АЙЗАТ Бауыржанқызы