Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданындағы Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде 22 Қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтар тілдер мерекесіне арналған «Ұлы Дала Елінің жарқын болашағы» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Аталған шараға Отырар қорық –музейінің қызметкерлері де қатысты. Конференцияда Ұлы Дала Елінің ұлы құндылықтары, тіліміздің қадір қасиеті маңыздылығы, ұлттық рухпен рухани келбет тұрысында ой-пікірлер ортаға салынды. мәдени шара ның маңызы зор екендігі аян. Шараға қатысушылар жасөскіндердің бойына рухани азық беретін осындай мәдени шараларды жиі өткізу қажеттігін тілге тиек етті. Алдағы уақытта да аталмыш бағыттағы шаралардың жалғасын табатындығын айтты. Отырар қорық –музейінің ғылыми қызметкері М.Ахмет Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу мақсатында дайындаған «Отырар кітапханасы» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндаманың мәні мен маңызын терең түсінген жастар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.